🎓 СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КЕШІ

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде 1-курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кеш өткізілді.
Кеш барысында білім алушыларға студенттік өмірдің мәні мен жауапкершілігі айтылып, жаңа бастамаларына сәттілік тілектер білдірілді.
Бұл күн – әрбір білім алушының өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Алда жаңа достар, қызықты мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктер күтіп тұр!
Жаңа студенттерімізге сәттілік, толағай табыс және білім жолында биік белестер тілейміз! 💙
#АКТиМ #СтуденттікӨмір #СтуденттерҚатарынаҚабылдау #БілімБолашағы

...

37 0
🏆 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің білім алушылары «Болашақ – жастар қолында» атты қалалық ту ұстаушылар топтарының жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды!

Бұл – білім алушыларымыздың ұйымшылдығының, тәртібі мен жоғары дайындық деңгейінің нәтижесі.

Жеңіске жеткен білім алушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! 🇰🇿👏

Жеңісті күндеріміз көп болсын!

...

37 2
🧠💪 «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Колледжімізде білім мен күштің, зияткерлік қабілет пен спорттық рухтың маңызын дәріптеуге бағытталған Карл Поппер форматындағы пікірсайыс ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында білім алушылар өз ойларын еркін әрі мәдениетті жеткізіп, пікірлерін дәлелдермен қорғауға, қарсы тарапты тыңдауға және топпен бірлесе жұмыс істеуге машықтанды.

Басты мақсат – білімнің құндылығын ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

✨ Білім – күш, ал денсаулық – өмір тірегі!

#АКТиМ #КарлПоппер #Пікірсайыс #БілімдіЖастар #ЗияткерлікДаму СалауаттыӨмірСалты

...

30 2
🏆 «БОЛАШАҚ – ЖАСТАР ҚОЛЫНДА»

📆 17.11.2026 ж.

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің базасында Алматы қаласы колледждерінің арасында Ұлы Отан соғысындағы 28 панфиловшы-гвардияшының ерлігіне 85 жыл толуына орай «Болашақ – жастар қолында» атты қалалық ту ұстаушылар топтарының жарысы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту және батырлардың ерлігін дәріптеу.

Қалалық жарыс барысында қатысушылар саптық дайындықтары мен шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасты.

🇰🇿 Ел ертеңі – білімді, жігерлі және отансүйгіш жастардың қолында!

...

53 4
🤖✨ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ!

📚 Колледжімізде жас мамандарға арналған «Білім берудегі жасанды интеллект: заманауи құралдар мен тиімді мүмкіндіктер» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.

🎯 Семинардың мақсаты – жас педагогтарды жасанды интеллект құралдарымен таныстыру, оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, цифрлық құзыреттіліктерін арттыру және инновациялық әдістерді тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беру.

💡 Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, сабақ жоспарларын әзірлеу, оқу материалдарын дайындау, презентациялар мен интерактивті тапсырмалар құрастыру бағытында пайдалы ақпарат алды.

🚀 Жасанды интеллект – педагогтің орнын басатын емес, оның шығармашылық әлеуетін арттыратын заманауи көмекші!

🌟 Бүгінгі жас маман – ертеңгі жаңашыл ұстаз! Жаңа технологияларды меңгеру – сапалы білім берудің маңызды қадамы! Спикерлер: арнайы пән оқытушылар: Сәтбай Ж, Битурсинова Г.

#ЖасМамандар #ЖасандыИнтеллект #ЗаманауиПедагог #ЦифрлықБілім #ИнновациялықБілім ӘдістемелікЖұмыс ЖаңашылҰстаз AI БілімБерудегіЖИ

...

25 0
«Бір промпт – бірнеше педагогикалық шешім!»

Колледж педагогтеріне арналған заманауи тақырыптағы тәжірибе алмасу алаңы өтті.

Кездесу барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, бір промпт арқылы бірнеше педагогикалық шешім әзірлеу және сабақ сапасын арттыру жолдары қарастырылды.

Іс-шара спикерлері:

* Бекмурат Меруерт Жеңісбекқызы
* Мұратқызы Гүлназ

Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жасанды интеллект құралдарын тәжірибеде қолданудың тиімді тәсілдерімен танысты.

Білім берудегі жаңа мүмкіндіктер – үздіксіз ізденіс пен жаңашылдықта!

#АКТиМ #ЖасандыИнтеллект #БілімБерудегіИнновация #Педагогтер

...

34 1
#2026 жылғы 18 қарашада Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында (Тимирязев көшесі, 42) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен ұйымдастырылған «Білім және мансап – 2026» халықаралық көрмесі өтті.

Колледжіміздің білім алушылары көрмеге қатысып, заманауи білім беру мүмкіндіктерімен танысты, кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат алды және болашақта білімін жалғастыру мен мансап құру жолдары жөнінде пайдалы мәліметтермен бөлісті.  #18 ноября 2026 года в выставочном центре «Атакент» (г. Алматы, ул. Тимирязева, 42) состоялась Международная выставка «Образование и карьера – 2026», проходившая при официальной поддержке Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан и акимата города Алматы.

Обучающиеся нашего колледжа посетили выставку, где смогли ознакомиться с современными образовательными возможностями, узнать о перспективах профессионального развития и получить полезную информацию о дальнейшем обучении и построении карьеры.

...

24 1
«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Колледжімізде білім алушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Адалдық сағаты» өткізілді.

Іс-шара барысында адалдықтың адам өміріндегі маңызы, әрбір адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі, әділ шешім қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, адалдық пен әділдіктің қоғам дамуы үшін маңызды құндылықтар екенін атап өтті.

Адалдық – адамдықтың белгісі, әділдік – қоғамның тірегі!

...

37 3